Атырау, 2 қараша 12:30
 дождьВ Атырау +9.3
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Петропавлда автобуста әйелге тиіскен шетелдік 5 жылға елден шығарылды

121 рет қаралды

Петропавл қаласында қоғамдық көлікте әдепсіз әрекет жасаған Қырғызстан азаматы әкімшілік қамауға алынып, Қазақстан аумағынан депортацияланды. Сот шешімімен оған елге кіруге 5 жылға тыйым салынды.

Оқиға Петропавлдағы №4А бағытындағы автобустардың бірінде болған. 34 жастағы шетелдіктің сорақы әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамда резонанс тудырды. СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қоғамдық көлік ішінде 41 жастағы жолаушы әйелге тиіскен.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында құқық бұзушының жеке басын анықтады. Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бұдан бөлек, Миграциялық полиция қызметкерлері Петропавл қалалық №2 сотына тәртіп бұзған шетелдікті елден шығару туралы өтініш білдірді. Cот бұл өтінішті толық қанағаттандырды: енді Қырғызстан азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылып, таяудағы 5 жыл бойы біздің елге қайта кіре алмайды.

Бүгін, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.