Атырау, 25 желтоқсан 21:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Атырауда мұнай-газ секторының экология саласындағы реттеуші мәселелері талқыланды

948 просмотра

Дөңгелек үстелдің жұмысына экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожықов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KAZENERGY», мұнай-газ өндіру және мұнай-газ өңдеу кәсіпорындарының өкілдері (Қауымдастық мүшелері) қатысты, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар мұнай-газ саласындағы кешенді экологиялық рұқсаттар (КЭР) алу және автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу барысында туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдарын, мемлекеттік экологиялық сараптама және экологиялық рұқсат алу, ҚР жаңа экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес «Е-лицензиялау» порталының жұмысын жетілдіру сияқты өзекті экологиялық мәселелерді талқылады.

— Мұнай-газ саласының кәсіпорындары үшін кешенді экологиялық рұқсат алу маңызды жаңа тәжірибе болып табылады. Бұл процесс тығыз ынтымақтастықты, жедел әрекет етуді және туындаған барлық мәселелерді уақтылы шешуді талап етеді. Осы ретте біз саланың тұрақтылығы мен экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған негізгі экологиялық реформалардың бірін сәтті жүзеге асыра аламыз, — деп атап өтті ҚМГ еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сейтмағамбетов.

Кәсіпорындардың өндірістік қызметімен, автоматтандырылған мониторинг жүйелерімен, механикалық және биологиялық тазарту құрылыстарын енгізу жұмыстарымен бірге ағынды суларды тазарту сапасымен танысу мақсатында экология және табиғи ресурстар министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығының өкілдері «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС (KPI) барды.

9 қараша, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.