Атырау, 26 желтоқсан 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны үшін жазаланды

1 120 просмотра

Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты 2024 жылдың қазан айында «Renault Logan» автокөлігін уытқұмарлық масаң күйде басқарған азамат Н.Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Жүргізушінің кінәсі  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық тексеру қорытындысымен, баянатпен және сауалнама хаттамасымен дәлелденді.

Уытқұмарлық масаң күйде көлік жүргізген нашақорлардың жазасы мас күйінде және есірткі пайдаланғандармен бірдей – 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға куәлігінен айыру. Сот оны кінәлі деп танып, Н.Т. осындай жаза алды.

8 қараша, 22:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.