Орал-Атырау тас жолында тағы бір жол апаты болды, деп хабарлайды «Мой город».
7 қараша күні сағат 15:00 шамасында Серебряково ауылының маңындағы қосалқы қара жолмен келе жатқан BMW 3181 жүргізушісі жол бермей, негізгі Орал-Атырау тас жолының бойында келе жатқан Lada Largus көлігімен соқтығысқан. Бұл туралы Батыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға салдарынан екі жүргізуші мен Lada көлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
42 жастағы жолаушы хирургиялық бөлімшеге жатқызылды, ал 56 жастағы ер адам амбулаторлық ем алуда деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.