Атырау, 26 желтоқсан 06:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Атырауда вейп сатумен айналысқан дүкенге қылмыстық іс қозғалды

Бейнежазба
992 просмотра

Халық арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу, әкімшілік учаскені аралау мақсатында өткізіліп жатқан «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау қаласындағы №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты қызмет атқару барысында қала аумағында орналасқан темекі бұйымдарын сататын дүкенде вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады. Полицейлер дүкеннен 28 дана тыйым салынған вейп өнімдерін тәркіледі. 

Нәтижесінде заңсыз электронды темекі сатты деген күдікпен аталған дүкенге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабына сәйкес күдіктілерге 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлдан 50 тәулік мерзімге қамауға алуға дейін жауапкершілік қарастырылған.

8 қараша, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.