Атырау, 26 желтоқсан 06:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

QazaqGaz шикі газды өңдеу департаментінің директоры тағайындалды

1 163 просмотра
Сурет QazaqGaz баспасөз қызметінен

Қайыржанова Арай Бағданқызы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Шикі газды өңдеу департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

Арай Бағданқызы – Қазақ-Британ Техникалық университетінің «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша ғылым бакалавры және Лидс университетінің (Ұлыбритания) «Қолданбалы химия инженериясы саласындағы ғылым магистрі» бойынша білім алған.

2010 жылдан бастап ол Worley Parsons, «Бірлескен химия компаниясы» ЖШС, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС және «KLPE» ЖШС (KMG Petrochem) сияқты ірі халықаралық және ұлттық компанияларда жұмыс істеп, өзінің мансабын белсенді түрде дамытып, газ химиясы және энергетика саласындағы бірқатар маңызды жобаларды жүргізген.

2024 жылдан бастап «QazaqGaz» ҰК» АҚ шикі газды өңдеу департаментінің бас менеджері қызметін атқарып, компанияның Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауыттары мен инфрақұрылым нысандарының құрылысы сияқты стратегиялық маңызды жобаларына қатысты. Енді білікті кәсіби маман ретінде газ өңдеу жобаларын жүзеге асыру және дамыту жұмыстарына басшылық етеді.

8 қараша, 00:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.