Атырау, 26 желтоқсан 06:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

​Атырау облысы 2025 жылғы су тасқынына қалай дайындалуда

1 073 просмотра
Сурет облыс әкімінің баспасөз қызметінен

7 қарашада Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен тасқынның алдын алу туралы жиын өттіАймақ басшысы Серік Шәпкенов Атырауда жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Жылыой ауданы Құлсары қаласында Құрсай каналының 32 шақырымы тазартылып, тереңдетілді. Мұндай жұмыстар осы айда Жем өзенінде басталды. Жалпы ұзындығы 55 км болатын жағаның 1,5 км тазарып-тереңдетілді. Бұдан бөлек 58 км қорғаныс бөгетін салу жоспарланып, оның 24 км-і тұрғызылды, - деді С.Шәпкенов.

Облыс әкімі жиында су шаруашылығы құрылыстарын басқаруға алу үшін «Табиғат» мекемесі құрылғанын айтты.

- Тасқын кезінде тұрғызылған 590 км бөгетті облыс теңгеріміне алу жұмыстары жүріп жатыр. Көктемге дейін аталған бөгеттердің сапасын тексеріп, қажет болса, жаңадан тұрғызылған бөгеттерді нығайтамыз. Жайық өзенінің өткізу қабілетін арттыруда Каспий теңізіне шығыс беттегі сағасы тереңдетілуде. Бұл Құрманғазы ауданы Қиғаш өзенінде жалғасуда. Су тасқынына дайындық жұмыстары жүйелі жүріп жатыр, - деп атап өтті С.Шәпкенов.
8 қараша, 00:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.