Атырау, 26 желтоқсан 06:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Астрахань трассасының бір бөлігіндегі 60км/сағ шектеу алынып тасталды

1 382 просмотра

Бүгін, 7 қарашадан бастап “Атырау-Астрахань” тас жолының Зинеден ауылынан бастап Құрманғазы бағытына 55 шақырымдық учаскенің ашылуына байланысты жылдамдықты шектеу 60 км/сағ-тан 100 км/сағ-қа дейін көтерілді.

“Атырау-Астрахань жолының 778-833 км аралығы, нақтырақ айтқанда Исатай ауданы Зинеден ауылынан бастап Құрманғазы ауданының 8 разъездіне дейінгі бөлігі 100км/сағ жылдамдықпен жүруге рұқсат етілді”, - деді Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Тілепберген АҚБОЛАТОВ. 
Еске салсақ, бұған дейін Атырау-Астрахань трассасында 60км/сағат жылдамдықтан асырған жүргізушілерге кибершериф айыппұл салып жатқанын жазған едік. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 қараша, 23:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.