Атырау, 26 желтоқсан 18:31
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Астрахань жолындағы «кибер-шериф» жылдамдықты 60 км/сағ асырғаны үшін айыппұл салады

1 422 просмотра

«Атырау-Астрахан» республикалық трассасында күрделі жөндеу жұмыстары жүруіне байланысты көліктердің жүру жылдамдығы 60 км/сағ шектелген.

Жергілікті жүргізушілерге Атырау мен Құрманғазы арасында  60 км/с жылдамдықпен жүргені үшін айыппұл келіп жатыр, 250 шақырымды құрайтын екі ортада төрт сағат бойы жылжып жүру қиын деп шағым білдіріп жатыр.

«Атырау-Ганюшкино тас жолында 60 км/сағ шектеу қойылған. Ал адамдарға айыппұл келіп жатыр. Атырау облысының әкімдігі, тас жолда 60 км/сағ жылдамдықпен жүру ақымақтық екенін түсінесіздер ме? Осы белгі мен шектеуді алып тастауыңызды сұраймын. Асфальт жолдың әлі жасалмауы бізге шектеу қоюға құқық бермейді. Оның үстіне бұл тас жолда құрылыс техникасы жоқ, жұмыс жүргізілмей жатыр», – деп жазды жергілікті жүргізушілердің бірі Атырау облысы әкімдігінің телеграм чатына.

Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Тілепберген АҚБОЛАТОВТЫҢ «АЖ» тілшісіне берген мәліметінше, «Атырау-Астрахань» республикалық маңызы бар автомобиль жолы қайта жаңғырту жұмыстары жүруіне байланысты 2019 жылдан бері 60км/сағ шектеу қойылған. Бүгінде жолдың кейбір бөлігінің бірінші қабатына асфальт төселіп, көлік қозғалысы үшін ашылғанымен, жол белгілері, аялдамалар орнатылмағаннан толық пайдалануға берілген болып саналмайды.

- Жол жүрісі туралы заңның 38-бабына көрсетілгендей «Елді мекендерде жол жұмыстары және басқа да жұмыстар аймағында көлік құралдары қозғалысының ең жоғары рұқсат етілген жылдамдығын сағатына отыз километрден аспайтын, елді мекендерден тысқары жерлерде сағатына алпыс километрден аспайтын етіп белгілеу міндетті». Сондай ақ «Жол жұмыстары орындалатын орындарда көлік құралының қозғалысын ұйымдастыру 2607-2015 Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты» талаптарына сәйкес барлық көлік түрлеріне ең жағарғы жылдамдық 60 км/сағ. жол белгісі орнатылған. Жылдамдықты шектеу белгілері жол жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін өзгеретін болады, деді Тілепберген Ақболатов.

Аға инспектордың мәліметінше, бұған дейінгі жылдары жылдамдықты асырған жүргізушіні полиция тоқтатып, айыппұл салатын. Қазір «кибер-шериф» пайда болғалы бері кейбір жүргізушілер жылдамдықты асырғаны үшін өздеріне қатысты хаттама толтырылғанын да сезбейді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

11 наурыз, 23:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.