Атырау, 10 қазан 04:20
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Атырау облысындағы балықтың қырылуы: кінәлілер жоқ

899 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Атырау облысының су қоймаларында жыл бойы балықтар мезгіл-мезгіл жаппай қырылып қалып жатыр. Ал, қырылу қаупі бар аймақтарды табиғат пайдаланушыларға бекіту тәжірибесі тоғыз жыл бұрын жойылды.

Дегенмен, көп жылдан бері балық жыл сайын негізінен табиғи себептерге - судағы оттегі деңгейінің төмен болуына байланысты қырылады. Әсіресе, шағын өзен мен арналарда – мұз қатқаннан кейін, көктемгі су тасқынынан кейін бөлініп қалған су қоймаларында. Әдетте, билік бұл туралы әлеуметтік желіден хабардар болады.

Осылайша, биыл қара балықтың жаппай қырылуы мына су қоймаларында тіркелді: қаңтарда – Соленый каналында (Жылыой ауданы), мамырда – Бақсай (Махамбет ауданы), Шарон өзенінде (Құрманғазы ауданы), Безымянная арнасында (Атырау қ.), шілдеде - Теплый каналында, тамызда – Сарыөзекте және Соколокта. Бұл әлеуметтік желінің арқасында белгілі болған фактілер ғана.

Ал Одақ дәуірінен бері қырылу қаупі бар су айдындарына қырылуға қарсы шараларды жүргізуге жауапты әртүрлі ұйымдарды (тәуелсіздік жылдарында – балық аулау кәсіпорындары) бекіту тәжірибесі бар-тұғын.

Мұндай шаралардың түрлері маусымға байланысты жасалатын. Қыста, мысалы, суды оттегімен қанықтыру үшін (аэрация) шұңқырлар мен ойықтарды бұрғылау, жазда - ажыратылған су қоймаларын негізгі арнамен жалғау үшін каналдар қазу, сондай-ақ шабақтарды құтқару жұмыстары жүргізілетін. Мемлекеттің преференциясы ретінде балық шаруашылығы кәсіпорындары қырылу қаупі бар аймақта мелиоративтік балық аулауға, ал жекелеген жағдайларда қырылу қаупін жою мүмкін болмаса, жаппай балық аулауға құқылы болды. Қырылуға қарсы шараларды жүргізу міндеттемелерін орындамағаны үшін шаруашылық субъектілерін жазалайтын.

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі №745 қаулысымен қырылу қаупі бар су қоймаларын бекіту тәжірибесі алынып тасталғаны анықталды. «Жайық-Каспий» балық шаруашылығы инспекциясынан «АЖ» редакциясына хабарлағандай, қазір су қоймаларының учаскелері тек кәсіптік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау, сондай-ақ тауарлық және балық өсіру шаруашылығы үшін конкурстық негізде бекітіледі. Табиғат пайдаланушылар – учаске иелері сол жерде балықтың қырылуына қарсы шараларын жүргізеді.

«Балықтардың қырылу қаупі төніп тұрған бекітілмеген учаскелерде жергілікті атқарушы органдар қажетті жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті. Ал суару каналдары мен ағызу каналдарында – оларды қарамағына алған ұйымдар («Қазсушар» РМК АФ, «АЖЭО» АҚ) қарайды», - делінген инспекция басшысының м.а. Нұрболат ҚАРАТЕКЕЕВТІҢ қолы қойылған хатта, сондай-ақ қауіпті учаскелердегі қырылуға қарсы қарсы іс-шараларға табиғат пайдаланушы-еріктілер тартылатыны көрсетілген. Инспекторлардың өздері де қатысады.

Жоғарыда аталған су қоймаларындағы балықтың қырылуына биыл да, соңғы бес жылда да ешкім жауапқа тартылған жоқ.

«Негізінен балық суару, суландыру арналарына құйылатын жерлерде қырылған. Бұл каналдардың өзенмен түйіскен жерлерінде төтенше жағдай режиміндегі су тасқыны кезінде қаланы су басу қаупінен сақтау мақсатында балық қорғау құрылғылары алынып, нәтижесінде каналдарға балықтар жаппай түсіп, уылдырық шашты. Одан әрі ауа температурасы жоғарылап, арналар мен су жайылған жерлерде су деңгейі күрт төмендеп, қырылу қаупі туындады», - деп түсіндірілген ведомство жауабында.

Барлығы, инспекция мәліметі бойынша, Атырау облысында 170-тен астам балық қырылу қаупі бар учаске бар. Ал ихтиофауна өкілдері үшін қолайсыз жағдай басталғандықтан бүкіл су қоймалары осындай қауіпті учаскеге жатады!

Қазіргі уақытта Атырау төңірегіндегі су тасқынынан қалған су әлі кетпеген. Үлкен аумақ қауіпті учаскеге айналған. Ол жерлерде балықтың тағдыры қалай болатынын ешкім білмейді, бірақ болжау қиын емес.

Бұрын хабарланғандай, жергілікті билік балықты құтқару үшін төгілу картасын жасау мәселесіне енді ғана алаңдап отыр, дегенмен жалпы қазіргі жағдайды алдын ала болжауға болатын еді. 

Лев ГУЗИКОВ

9 қыркүйек, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.