Атырау, 10 қаңтар 22:33
 ашықВ Атырау -4
$ 524.75
€ 540.60
₽ 5.12

ҚМГ, Shell және Chevron компанияларымен ​геологиялық ақпарат алмасады

115 просмотра

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Shell концернінің аға вице-президенті және Қазақстандағы төрағасы Әли Әл-Жанабимен және Chevron корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директорының орынбасары Дилан Морганмен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында ҚазМұнайГаз Shell және Chevron компанияларына геологиялық ақпаратты пайдалану құқығын беру туралы келісімшарттар жасасты. Бұл бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау үшін сейсмикалық зерттеу нәтижелерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

— Әлемнің жетекші энергетика компанияларымен серіктестігіміз Қазақстанда геологиялық барлау ісін дамытуға серпін беріп, жаңа технологиялар мен тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал ететініне сенімдіміз, — деді А.Хасенов.

Серіктестермен ынтымақтастық Ақтөбе облысында орналасқан «Мұғалжар» жобасының мүмкіндігін бірлесіп зерттеуге бағытталған.

Бүгін, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.