Қаладағы жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінде көліктен шыққан өртті сөндіру кезінде жанармай бекетінің қызметкері Қайырбек СИСЕНОВ пен полиция кіші сержанты Данияр ЖӘРДЕМҒАЛИ ерлік пен кәсіби шеберлік көрсетті.
Өрт шыққан кезде Сисенов қауіп-қатерге қарамастан, алғашқы болып әрекет етіп, өртті сөндіруге тырысты. Сол уақытта оған патрульдік полиция батальонының қызметкері Жәрдемғали көмекке келген. Олардың жедел әрекетінің арқасында үлкен қауіпке жол берілмеді. Осы ерлік әрекеттері үшін жанармай бекетінің қызметкері олар Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Бақтыбек ИСАЕВТЫҢ алғыс хатымен марапатталды.
- Қоғам қауіпсіздігі ол ортақ борышымыз, ортақ жұмысымыз және жетістігіміз. Қала аумағында орын алған тілсіз жауды уақытылы тоқтатып, үлкен қауіптің алдын алғандарыңыз көпке үлгі, - деді Атырау қаласының бас полицейі.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ