Атырау, 11 қаңтар 04:11
 ашықВ Атырау -3
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Тоқаев әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға қол қойды

87 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Мемлекет басшысы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды" делінген хабарламада.

2024 жылғы 26 желтоқсанда Сенат депутаттары жалпы отырыста осы түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген түзетулер жазалау тетіктерін жаңартуға және заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заңда 11 бап, оның ішінде ұсақ бұзақылық бойынша қолданылатын әкімшілік жаза түрі ретінде қоғамдық жұмыстар енгізілген. Дербес деректер мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін айыппұлдар қатайтылды, есірткіні медициналық емес қолдануды және банк заңнамасын бұзуды реттейтін жаңа баптар енгізілді.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап әкімшілік, қылмыстық және азаматтық салалардағы істерді қарауды қамтамасыз ететін жаңа кассациялық соттар жұмыс істей бастайды.

Бүгін, 01:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.