Атырау, 23 қараша 15:40
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​«Атырау Жарық» прокуратураға ренжіп, газетке талап қойды

774 просмотра

Біздің «“Атырау жарық” тарифті заңсыз көтерген» деген тақырыппен шыққан жарияланымнан кейін редакцияға монополистен хат келді, кешікпей екінші хат та жетті.

Хаттарда «Атырау Жарық» мақалада айтылғандарды өзіне жала жабу деп теңеп, тарифті көтеру туралы өтінімге енгізілген, бірақ прокуратура даулаған шығындарды «жұмыс процесі» және т.б. деп атады.

Редакция дәлел келтіріп, хатты жариялаудан бас тартқаннан кейін энергетиктер өздерінің интернет-алаңдарының бірінде Атырау қ. прокуратурасынан алынған ақпарат жазылған мақалаға «Fake» деген сурет-таңба салып, «теріске шығару» жөнінде бейнежазбасын таратты.

Осыған байланысты біз «Атырау Жарық» АҚ президенті, азамат М.У.Ғұбашевқа өз талаптарын қалалық прокуратураға жолдау қажеттігін, яғни «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң нормаларына сәйкес ресми ақпараттың негізгі көзіне жүгіну керектігін көпшілік алдында түсіндіруге мәжбүрміз.

Алайда монополист, мәселені қадағалау органымен шешкеннен гөрі, баспасөзбен «тіресу» әлдеқайда қауіпсіз деп санайтын секілді. 

«АЖ» редакциясы

12 тамыз, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.