Атырау, 23 қараша 18:11
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Атырау Жарық» тарифті заңсыз көтерген

803 просмотра
Көрнекі сурет

Монополистің 2024-2029 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама бойынша шығындарының бір бөлігі қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, тарифке енгізілген.

Естеріңізге салсақ, сәуір айында «Атырау Жарық» АҚ тарифті 1 кВт/сағ үшін 6,55 теңгеден 11,89 теңгеге көтеруге өтінім берген болатын. Бұған, монополист мәлімдегендей, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға кеткен шығындар себеп болған, бұл шығындар жабдықтың тозуын азайтуға бағытталған.

Осы ретте сәуір айында энергетиктер кеңсесінде қоғамдық тыңдаулар өтіп, жиналғандар тарифті көтеруге қарсылық білдірді. Бірақ соңында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті тарифті 9,96 теңгеге, яғни мәлім етілгеннен сәл төмен бағада бекітті.

«АЖ»-ға қалалық прокуратура хабарлағандай, инвестициялық бағдарламаны зерделеу жұмыстары кейбір шығындарды «Атырау Жарықтың» тарифке заңсыз енгізгенін көрсетті. Мысалы, табиғи монополиялар және электр энергетикасы туралы заңнаманың талаптарына қайшы келетін құралдар мен есептеу техникаларын жаңарту.

«Қала прокуратурасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне ұсыныс енгізді, оның қорытындысы бойынша шамамен 2,5 млрд теңге шығын инвестициялық жобадан және тарифтік сметадан алынып тасталып, тариф мөлшері төмендетілді», - делінген ведомство хабарламасында.

Бекітілген тариф 1 шілдеден бастап күшіне енді, бірақ бұл тұтынушыларға жаңа сома жазылған есепшоттар келеді деген сөз емес. Ол үшін «Атырау Жарықпен» үлестес энергиямен жабдықтаушы (өзімен келісім-шартқа отырған абоненттерден ақша жинаумен айналысатын) мекеме «АтырауЭнергосату» ЖШС-мен жаңа тарифті бекіту қажет.

«АтырауЭнергосату» әзірге мұндай өтінім бермеген, айтпақшы, ол былтыр жыл соңында өз тарифін көтерген болатын.

Лев ГУЗИКОВ

23 шілде, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.