Атырау, 3 қараша 15:30
 дождьВ Атырау +15.2
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

ҰҚК Каспий теңізінде есірткі контрабандасын жойып, шетелдіктерді ұстады

68 рет қаралды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий теңізінің акваториясында есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жойды.

Арнайы операция 1 қарашада жүргізілді. Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, су көлігімен қашуға әрекет жасаған үш шетелдік азаматты ұстады. Сонымен қатар жағалау аумағында Қазақстанның екі азаматы қолға түсті.

Күдіктілерден шағын жылдам жүретін катер мен ірі көлемдегі тыйым салынған заттар тәркіленді:

  • 22 келі апиын;

  • 27 келі гашиш;

  • 60 келі марихуана.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.


Бүгін, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.