Атырау, 23 қараша 17:23
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау BMW жүргізушілері клубы қала тұрғынының арманын орындады

Бейнежазба
626 просмотра

BMW автокөлік әуесқойлары клубының мүшелері Атырау қарттар үйіндегі ең жас тұрғын - Александр ЧЕЧИНДІ қуантуды жөн көрді. 

36 жастағы Александр біздің жарияланымның кейіпкері болған еді. Оның сал ауруына шалдыққанына 17 жылдан асты, дегенмен бұл оның армандарының бірін орындауға кедергі болмады. Оның арманы - жаңа достарымен бірге өзі ұнататын BMW көлігімен түнгі қаланы аралау болатын.

Сашаны қуантуға 15-тен астам көлік келіп, олар сап түзеп, қала жолдарымен жүйткіді.

«Мен жігіттерге осы істері үшін өте ризамын, ерекше болды. Мен «бэха» көліктерін жақсы көремін, олардың жанкүйерімін деп айтуға болады. Ал көлікпен осындай үлкен компаниямен серуендеу өте қызықты болды», - дейді Саша.

Айтпақшы, BMW автосүйгіштер Атырау клубының жігіттері мұндай шара бір рет емес, келесі сапарға міндетті түрде жаңа досын алып кететіндеріне уәде берді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Atyraubmw клубы ұсынған бейнежазба

6 тамыз, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.