Атырау, 3 қараша 16:03
 дождьВ Атырау +15.2
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Денсаулық сақтау министрі Ақтауда хирургтың соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді

54 рет қаралды
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтауда кішкентай науқастың әкесі тарапынан балалар хирургына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «За нами уже выехали» телеграм-арнасы.

Журналистермен әңгімелесу барысында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысынан пациенттер қатаң жазадан (12 жылға дейін бас бостандығынан айыру) қорқып, ықтимал дәрігерлік қателіктер туралы мәлімдеуге жасқанатын болса, олардың жауапкершілігін арттыру қаншалықты әділетті екені сұралды.

«Адам жұмыс орнында отыр және өзінің кәсіби міндеттерін орындап жүр. Осы сәтте оған шабуыл жасалып, соққыға жығылса, жұлқыланса, бұны дұрыс деп есептейсіз бе?» — деп жауап берді Ақмарал Әлназарова.

Министр Ақтаудағы оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, ал құқық қорғау органдары екі тараптың да әрекетіне объективті құқықтық баға беретінін атап өтті. Ол сәуір айында Қазақстанда медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өміріне қол суғушылық үшін жауапкершілік заңнамалық тұрғыдан күшейтілгенін еске салды. Бүгінгі таңда елімізде осы бап бойынша 50-ге жуық қылмыстық іс тергелуде.

«Егер тергеу барысында дәрігердің кінәсі анықталса, онда әрі қарай белгілі болады», — деп түйіндеді ведомство басшысы.

Бүгін, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.