24 шілде сағат 12:55-те оқиға орнынан 8 шақырым жерде Атырау облыстық полиция басқармасының қызметкерлері суға батып кеткен екінші баланың денесін тапты.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Екі жеткіншектің де 22 шілде күні сағат 19:00-де үйінен шығып кеткені, сол түні олардың киімдері жағалаудан табылғаны хабарланды.
Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні белгісіз жағдайда 2010 және 2011 жылы туған екі бала Бесікті ауылы маңында Жайық өзеніне суға батып кеткен. Бірінің денесі сол күні табылып, судан шығарылды. Екінші баланы іздеуге 5 жүзу құралымен 11 құтқарушы шыққан еді.