Атырау, 23 қараша 21:49
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бесікті тұсында тағы екі бала суға кетті

870 просмотра

2024 жылғы 23 шілдеде сағат 00:50 шамасында Атырау қаласы, Бесікті ауылы тұсында Жайық өзеніне белгісіз жағдайда 2 адам суға батып кеткені жөнінде ПД жедел кезекшісінен хабарлама түсті. 

Құтқарушылар дереу шақырту орнына жетіп, 2010 ж.т. және 2011 ж.т. 2 баланың суға батып кеткендігін анықтады. 2010 ж.т. баланың денесін туыстары өз күштерімен судан шығарып алған. Ал құтқарушылар 2011 ж.т. баланың денесін су астынан іздестіру жұмыстарын жүргізуде. 

- Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 жеке құрамы, 5 жүзу құралы жұмылдырылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының аумағында шомылу маусымы биыл әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Суға шомылу қауіпті, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Облыстың тұрғындары мен қонақтарын суға шомылудан бас тартуға шақырамыз, - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 шілде, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.