Атырау, 23 қараша 12:00
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

НАТО Кабулға Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ресми түрде берді

1 949 просмотра
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - НАТО-ның коалиция әскері бүкіл Ауғанстандағы қауіпсіздікті бақылауды қамтамасыз етуді жергілікті күш құрылымдарына ресми түрде берді, деп хабарлады Би-Би-Си.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай арнайы салтанатта үкімет 11 провинциядағы соңғы 95 ауданда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылауға ие болғанын хабарлады. Ол және НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен 2011 жылы жазда басталған бұл үдерістің аяқталуын тарихи оқиға деп атады.

Атап айтқанда, «Талибан» қозғалысы дүниеге келген Қандағар провинциясында 13 аудан, сондай-ақ содырлар белсенді әрекет ететін Пәкістанмен шекаралас Нангархар, Хост және Пактика провинцияларындағы 12 аудан жергілікті қауіпсіздік қызметтеріне берілді.

Ауғанстандағы қауіпсіздікті шамамен 350 мың адам қамтамасыз ететін болады. Соңғы жылдары жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің саны мықтап өсті, 2007 жылы олардың саны небәрі 40 мыңға жуық болатын

ISAF Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінде қазір 97 мыңға тарта әскерилер бар, олардың 68 мыңы - АҚШ әскерлері. Соңғы кездері олардың қатары едәуір азайды. 2011 жылы 140 мыңға жуық адам, соның ішінде АҚШ-тың 101 мың әскери қызметшілері болған еді.

2014 жылы ISAF әскерилері Ауғанстаннан шығарылуы тиіс. Елде жергілікті қауіпсіздік күштерін оқытатын және оларға кеңес беретін шағын ғана шетелдік контингент қалмақшы. Нақты саны әзірге анықталған жоқ.

Ауғанстанның үкіметтік күштері 1989 жылы КСРО әскерлері елден шығарылғаннан кейін алғаш рет бүкіл ел аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылауды өз қолына алып отыр.

Дереккөз: inform.kz

19 маусым 2013, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.