АСТАНА, 11 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Үкіметі «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» жаңа кешенді бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Жалпы алғанда «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» шараларын жүзеге асыруға ағымдағы жылы 110,6 млрд теңге қарастырлған. Мұнда жергілікті атқарушы органдардың бірлесе қаржыландыру көлемі ескерліп отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аталған бағдарламамен 124 мың азамат қамтылатын болады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова өз баяндамасында.
Оның айтуынша, аталған бағыт шеңберінде азаматтарды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, республикалық маңызы бар өзге де нысандарды, инжинерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарын жөндеу жұмыстары арқылы азаматтарды жұмыспен қамту қарастырылған . Сонымен қатар фельдшерлік-акушерлік қосындар құрылысы, ауылдық елді мекендерді абаттандыру арқылы халықты жұмыс орындарымен қамту жоспарланып отыр.
«Жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыны есепке алғанда, аталған нысандарды дамытуға қарастырылған қаржының жалпы көлемі 57,6 млрд теңге және 22,5 мың жұмыс орны құрылатын болады», - деп атап өтті Т. Дүйсенова.
Дереккөз: newskaz.kz