Атырау, 27 желтоқсан 08:04
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ақтөбе облысындағы колонияда 100-ге жуық сотталушының арасында жаппай төбелес болды

1 937 просмотра

АСТАНА, 11 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. Ақтөбе облысындағы колонияда 100-ге жуық сотталушының арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 2013 жылдың 10  маусымынан 11-іне қараған түні Ақтөбе облысының Жем кентінде орналасқан қатаң тәртіптегі абақтыда 100-ге жуық сотталушының арасында топтық төбелес орын алды.

Оқиға салдарынан екі сотталушы дене жарақаттарын (бірінде түйреп-кесілген жарақат, екіншісінің басына көптеген жарақаттар салынған) алды  зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілілді.

Төтенше жағдай орнына дабыл бойынша көтерілген прокуратураның, облыстық ІІД-нің өкілдері, ҚАЖ департаментінің басшылығы және жеке құрамы дереу жетті.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде сотталушылар арасындағы жанжалды тоқтату мүмкін болды.

Жедел жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында ІІМ ішкі әскері әскери қызметшілерінің қатарынан қосымша күштер тартылды. Топтық төбелесті ұйымдастырушылар анықталу үстінде.

Қазіргі таңда абақтыдағы жағдай тұрақты және бақылауға алынды, деп атап өтті ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінен.

Дереккөз: newskaz.kz

11 маусым 2013, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.