Атырау, 7 қазан 10:59
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Түркиялық Белекеде орын алған ЖКО салдарынан қазақстандық турист қыз қаза тауып, тағы біреуі жарақаттанды

2 280 просмотра

АСТАНА, 10 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. Түркияның Белеке курортында орын алған ЖКО салдарынан Қазақстан азаматшасы қаза тауып, республиканың тағы бір азаматы ауыр хәлде ауруханада жатыр, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов.

Оның айтуынша, 7 маусым күні жергілікті уақыт бойынша 12:00-де Түркияның Билек қаласында джип-сафари туры барысында көлік апаты орын алған еді. Жеті адам мінген джиптің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған болатын.

Қазақстанның Антальядағы консулдығының ақпаратына қарағанда, көлік салонында болған 8 адамның төртеуі - қазақстандықтар. Атап айтқанда, олар - ерлі-зайыпты Нарғыз пен Бақтияр Сыдықовтар және Ихбал мен Рахымжан Құрбановтар. Басынан ауыр жарақат алған Нарғыз Сыдықова оқиға орнында қаза тапты. Н.Айтмахановтың атап өтуінше, оның мүрдесі Анталья қаласының сот-медициналық институтының моргында. Ал еліміздің тағы бір азаматшасы Ихбал Құрбанова да ауыр жарақат алып, Антальядағы Мемлекеттік госпитальдің жансақтау бөлімінде жатыр.

«Қазақстанның Анталья қаласындағы консулдығы азаматтарымызға көмек көрсетудің барлық қажетті шараларын қабылдауда әрі олармен тұрақты байланысқа шығып отыр. Атап айтқанда, Нарғыз Сыдықованың денесін елге әкелуге байланысты сәйкесінше құжаттарды рәсімдеуде. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесі қосымша хабарланатын болады», - деді СІМ баспасөз хатшысы.

Дереккөз: newskaz.kz

10 маусым 2013, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.