Атырау, 23 қараша 20:08
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бас прокурорының бірінші орынбасары Алма Шалабаеваның сотталғаны туралы жарияланымды жаңсақтық деп атады

2 220 просмотра
ҚР Бас прокурорының біріінші орынбасары И.Меркель Алма Шалабаеваның сотталғаны туралы жарияланымды жаңсақтық деп атады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары И.Меркель таратылған хатта былай деп хабарлады:

«2013 жылғы 7 маусымда бұқаралық баспасөз құралдарында Мұхтар Әбіләзовтің зайыбы - Алма Шалабаеваның сотталғаны туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таралды.  Бұл арада менің сөзімді қате түсіндірумен байланысты жаңсақтық туралы хабарлаймын.

Ақпараттың қате таратылуын болдырмау мақсатында А.Шалабаеваның процессуальдық мәртебесімен байланысты жағдайды қайталап түсіндіремін.

А.Шалабаеваның 2012 жылғы 6 қазанда анықталған бірқатар адамдарға пара беру арқылы  ұлттық төлқұжаттарды заңсыз әзірлеу мен оның берілуі фактісіне шын мәнінде қатыстылығы, соның ішінде Шалабаеваның ол кезде Қазақстан Республикасында нақты болмауы тексерілуде.

Осы жылғы 4 маусымда осы факті бойынша Атырау қаласы көш-қон полициясы мен әділет басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты, соның ішінде Қылмыстық кодекстің 314-бабымен (қызметтік жалған құжат жасау) айыптау қорытындысы шықты. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазіргі кезде А.Шалабаевадан Алматы қаласынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды, оған айыптау тағайындалған жоқ. Тиісінше, ол сотталған жоқ.

Алматы қаласы оның қалауы бойынша таңдалды, тексеру аяқталғанша тергеушілердің келісімімен ғана оның шегінен кете алады.

Қазіргі кезде заңсыз әрекеттер жөнінде А.Шалабаевадан өтініш пен шағым түскен жоқ.   

А.Шалабаева Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ қылмыстық-процессуальдық заңнамада  көзделген барлық құқықтарды пайдаланады, соның ішінде қылмыстық қудағалау органдарының әрекеттеріне прокуратураға немесе сотқа шағымдана алады».

Дереккөз: ҚазАқпарат

7 маусым 2013, 20:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.