Атырау, 23 қараша 19:55
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әблязовтың әйелі жасанды құжат пайдаланғандығы үшін сотталды

1 801 просмотра

Қазақстандық БТА Банкі директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева жасанды құжат пайдаланғандығы үшін сотталды, тағайындалған  жаза бас бостандығынан айыруға байланысты емес, деді журналистерге республика бас прокурорының орынбасары Иоганн Меркель. 

«Жасанды құжат пайдаланғаны үшін іс қозғалған. Менің білуімше, оған тағайындалған  жаза бас бостандығынан айыруға байланысты емес. Мәселе шешіліп қойды», - деді ол.

Бұл ретте, Меркель Әблязовты іздестіру барысы туралы сөз еткен жоқ. 

«Біз жұмыс істеп жатырмыз, әзірге бұл тергеу құпиясы», - деді ол. 

7 маусым 2013, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.