Атырау, 25 қараша 23:00
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Демостың» іскерлік мерейтойы

2 648 просмотра

30 мамырда Жайық-Каспий Орхусс орталығында «Демос» қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығы атап өтілді. Оның осы жылдардағы тұрақты жетекшісі - Тоғжан ҚИЗАТОВА (суретте).

Шара форматы үйреншікті мерейтой салтанаттарынан ерекшеленді. Мұндай кездері қалыптасқан мақтау сөздерінің орнына жиналыста баяндамалар тыңдалып, талқыға салынды. Атап айтқанда,«Каспий Табиғаты» ҚБ төрағасы Махамбет ХӘКІМОВ Қазақстандағы демократияның конституциялық негіздері туралы, «Благо» ҚБ директоры Юрий КРИВОДАНОВ пен Арлан» ҚҚ директоры Макс БОҚАЕВ адам құқығы үшін күрестің қысымсыз әдістері туралы баяндамалар оқыды.

 «Демос» мүшесі Орландо ИЕЦЦИДІҢ Италиядан жолданған құттықтауын ерекше атап өту керек. Ол біздің оқырмандарымызға «Итальянша "ойыншық"» жарияланымы («АЖ», №30, 26 шілде 2012 жыл) арқылы таныс болатын. Естеріңізге салсақ, ол - Атырау облысында жұмыс істеп, өз құқығы мен өзінің қазақстандық әріптестерінің құқығын қорғап, жұмыс беруші компанияға қарсы шыққан алғашқы шетелдік азамат. Заңсыз жұмыстан босатылғаннан кейін оны Атырау қалалық соты жұмыс орнына қайта орналастырған еді, бірақ кейін оның еңбек келісімшартын ұзартпады.

Құттықтау жолдауында Иецци ата-бабаларымыздың дала демократиясы жөнінде қызықты пайымдау жасап, сөзін былай деп түйіндейді:  «Мен үшін, Еуропа елінің қарапайым азаматы, өз құқығы мен қазақстандық жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғаған «Демос» бірлестігінің мүшесі үшін бір нәрсе ғана түсінікті: демкоратия – адамға лайықты қоғамдық құрылымның бірден бір формасы. Қазақстанда жұмыс істей жүріп, мен осыны ұқтым. Мен бұл жерден ештеңеге қарамастан демократияға жетелеген көптеген адамдарды кездестірдім».

Өз атымнан қосарым «асау» итальяндықтың ісіне қатысты сот отырыстарында «Аджип ҚКО» заңгерлері оның мүддесін қорғаған Тоқжан Қизатованы түрлі сылтаумен сотқа қатысудан шеттетуге тырысқанын бақылаған едім. Бірақ олар ештеңе шығара алмаған болатын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.