Атырау, 29 қыркүйек 22:33
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Жезқазғанда 80 адам қаржы пирамидасына 63 млн теңге салған

420 просмотра

Жезқазған қаласының екі тұрғынына қатысты «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасы жарнамалау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Аталған фактіні ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаменті өңірлік  прокуратураның үйлестіруімен және Агенттіктің көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде  анықталды.

«Күдікті тұлғалар "MetaGo" қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда ("YouTube" бейнехостинг сайты, "Whatsapp" және "Telegram" мессенджерлері, "Facebook" және "Instagram" әлеуметтік желілер), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген. Осы арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан», - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 217-1-бабы - адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы –  бойынша тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, департамент бұрын жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде тіркелген Жезқазған қаласының осы тұрғындарына қатысты "MetaGo" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылыққа алу фактісі бойынша сотқа дейінгі  тергеу жүргізуде. 

ҚР ҚПК-нің 201 бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

7 тамыз 2023, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.