Атырау, 29 қыркүйек 22:30
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті

825 просмотра

75 жасында «Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті. Бұл туралы ансамбльдің ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович өмірден өтті. Ол біздің ансамбльдің құрушылардың бірі, барабаншы болды. «Дос-Мұқасан» ансамблі марқұмның туыстары мен жақындарына, балаларына қайғыра отырып, көңіл айтады. Ол біздің жүрегімізде ең шынайы, мейірімді, адал, жауапты және жарқын адам ретінде қалады. Топырағы торқа болсын», - делінеді ансамбльдің Instagram-дағы ресми парақшасында.

4 тамыз 2023, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.