Атырау, 29 қыркүйек 22:36
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Бас прокуратура АИТВ жұқтыруына байланысты еліміздің медициналық мекемелерін тексеруді тапсырды

540 просмотра

Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдануда

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Қазақстанда соңғы 10 жылда медициналық мекеме жағдайында вирусты жұқтыру алғаш рет тіркелді.

Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу мақсатында Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап жіберді.

Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерулермен қамту жоспарлануда. Бұл мәселе Бас Прокурордың ерекше бақылауында.   


4 тамыз 2023, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.