Атырау, 8 мамыр 23:04
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Терезеден секірмей, 20 секунд күткенде аман қалар еді - ТЖД өрт кезіндегі кісі өліміне пікір білдірді

626 просмотра

«Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі алапат өрт кезінде қаза тапқан Әсел Бекмұхаметова терезеден секірмей, шамамен 20 секунд күткен жағдайда мүмкін аман қалар еді. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оның терезеден секіргені анықталды. Алайда, біздің бөлімшелер ол кезде 5-ші қабатқа жеткен болатын. Егер ол шамамен 20 секунд күткен жағдайда біздің өрт сөндірушілер есікті өздері ашып, оны аман алып қалар еді. Өрт сөндірушілер үйге кірген сәтте оның анасын көріп, оны эвакуациялады, сөйтіп аман алып қалды. Ал Әсел ол кезде секіріп кеткен еді», - деді Ерлан Әлібеков.

Еске салайық, біз бұған дейін Алматыда 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік.

Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді. 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген.

Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды. Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.

Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Өрттен зардап шеккен тұрғындар тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілді.

Әсел Бекмұхаметованың отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Марқұмды жерлеу рәсімі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылында өтеді.

Алматы облысының әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, марқұмның денесін тасымалдауға жәрдем береді.

2 тамыз 2023, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.