Атырау, 27 қараша 23:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау билігінің «КаМАЗ» жүргізушілерінің талабын орындауға құзыры жетпейді

Сурет
1 409 просмотра

Атырау билігі КаМАЗ жүргізушілерінің дизель отынының бағасын төмендету және лимитті алып тастау жөнінде талабына қатысты комментарий берді. «АЖ» ресми сауалына облыстық энергетика және ТКШ басқармасынан кешігіп жеткен жауапта баға мен лимитті өзгерту олардың құзырына кірмейтіні айтылған.

Еске салсақ, 25 сәуір күні ондаған КамАЗ жүргізушісі 230 теңгеден 295 теңгеге көтерілген дизель бағасына қарсылық білдіріп, наразылыққа шыққан еді. Олар бұрынғы бағаны қайтарып, шекті лимитті алып тастауды, шетелдік автокөліктер дизель отынын төмен бағамен сыртқа тасып жатқаны жайлы шағымданды.

Наразылық акциясына жеткен жергілікті билік өкілдері көлік жүргізушілеріне кейінгі үш күн ішінде кездесіп, мәселені реттеуге ықпал етуге уәде берген. Алайда, облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының м.а. Серікқали ҚАНАПИН жауабынан ешқандай кездесудің болмағанын білдік. Мұны басқармада арызданушылардың өздері келе алмағанымен түсіндіреді.

С.Қанапиннің «АЖ» редакция сауалына берген жауабына сәйкес, өңірде күн сайын жанар-жағармай бекеттеріне - бензин мен дизель отынының бағалары мен олардың көлеміне мониторинг жүргізіледі. 

"Үкімет тарапынан жанар-жағармай қорын сақтау мақсатында қосымша шаралар енгізілді. Жанармайды автокөлікпен және теміржол жолдарымен дизель отынын шығаруға тыйым салынды. Ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай стансаларына сатуға міндеттейтін заң қабылданды. Сонымен бірге, зауыттардан өндірілген дизель отынын жанар-жағармай бекеттеріне дейін жеткізілуін қадағалайтын бөлек ПИН-кодтар және ауыл шаруашалық өнімдерін өндіруге қажетті дизель отыны үшін арнайы ПИН-кодтар енгізілгенін жеткізеді», - делінген С.Қанапиннің қолы қойылған жауапта.

Еске салайық, жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы бағалары ҚР энергетика министрінің бұйрығымен биыл 12 сәуірде өзгерді. АИ-92 – литріне 182 теңгеден 205 теңгеге дейін, дизель отыны - литріне 230 теңгеден 295 теңгеге өсті. Ал шетел автокөліктері үшін дизель отынының литріне 450 теңге көлемінде лимит сақталды. 1 көлік құралына лимит тәулігіне 100 литрге дейін, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға тәулігіне 300 литрге дейін құрайды.

Айнұр САПАРОВА

«АЖ» мұрағатынан алынған суреттер

3 маусым 2023, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.