7 наурызда конкурстық рәсімдердің нәтижесі бойынша Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы болып Әбіл ЖОЛАМАНОВ тағайындалды. Ол 2015-2017 жылдары осы басқарманы басқарған еді.
Әбіл Жоламанов Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарихшы, тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығын тәмәмдаған. Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы Жымпиты орта мектебінде тарих және қазақ тілі пәні мұғалімі қызметінен бастап, тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары қызметінде болды. 1994-2008 жылдары Сырым ауданы әкімі аппараты, аудандық жұмыспен қамту орталығы, ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, білім бөлімінде басшылық қызметте болған. 2008-2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы тарихи-өлкетану мұражайының басшысығ кейін Батыс Қазақстан облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары болды. 2015-2017 жылдары Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы, 2017-2019 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде мәдениет және өнер департаменті директорының орынбасары және директоры, 2019-2020 жылдары ҚР Ұлттық архивінің басшысы қызметінде болған.
Айта кетейік, Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВ «Хаменованың ісі» бойынша пара алуға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 2 жылға сотталған еді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды