Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Қостанай, Ақтау, Тараз және Атырау мен Ақтөбе облысындағы президент резиденциясы балалардың қажеттілігіне берілмек.
Осы орайда Атырау облысы Махамбет ауданында орналасқан ресми қонақтарды күтуге арналған нысанды Атырау облысы әкімдігі балаларға арналған демалыс және сауықтыру кешені ретінде пайдалануды жоспарлап отыр.
- Осы тапсырма шеңберінде Атырау облысының мемлекеттік органдары балаларға қажетті мүмкіндіктерді зерделеп, зерттей бастады. Бұл нысан алдағы уақытта демалу және сауықтыру орталығына айналады. Сәйкесінше, мақсаты айқындалғаннан кейін қайта жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары басталады, - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінде.
Еске салсақ, бұған дейін облыста балалардың жазғы сауықтыру лагері жетіспейтіні, Бесікті ауылындағы «Тұлпар» лагері балаларды қабылдай алмайтындай апатты жағдайда екенін жазғанбыз.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды