Атырауда биыл «Тұлпар» лагері ғимараттың апаттық жағдайда болуына байланысты оқушыларды қабылдай алмайды. Жөндеу жұмыстарына 60 млн теңге бөлінді. Алайда бұл қаржыға балаларды еліміздің басқа лагерлеріне жіберу ұйғарылды.
- Қазіргі кезде балалардың алғашқы легін республиканың басқа өңірлеріне жіберуге жұмыстанудамыз. Бұл тізімге «Тұлпарда» демалады деп жоспарланған 700 баланың барлығын қамтимыз, - деді Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА.
Басқарманың мәліметінше, биыл оқушыларды жазғы сауықтыру демалыстарын ұйымдастыру бағытында 130 мыңнан астам баланы қамту жоспарланған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Сурет «АЖ» мұрағатынан