«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС-нің жұмыстан қысқартылған қызметкерлерінің соңғы мәліметі бойынша, бүгін таңертең оларға компанияның персоналмен жұмыс басқармасынан хат келе бастаған. Онда қызметкермен есеп-айырысу және материалдық құндылықтарды тапсыру үшін кету қағазы жалғанған. Осы кезге дейін 20-дан астам адам осындай хат алыпты.
Еске салсақ, бұған дейін көптеген KPI қызметкеріне «құрылымның қайта құрылуына байланысты» қысқарту туралы хабарлама берілген. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та көтерілген даудан кейін ЖШС «іскерлік беделін қорғау мақсатында жалған ақпарат тарату фактілері бойынша» сотқа жүгінетінін ескертіп, баспасөз хабарламасын таратты. Онда қайта құрылымдауға дейін штаттық қызметкерлердің саны 631 адам, ал кейін 628 адам болғаны айтылған.
Қазіргі уақытта жұмыстан босатылғандардың кейбірі өз жұмыс орындарында, басшылықпен сөйлестірмейді. Бірқатар қызметкер Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы И.Әубәкіровтың атына ЖШС-дегі кадрлық ауыс-түйістер мен жаңа қызметке ауысқан қызметкерлердің құзыреттілігін тексеруді сұрап, ұжымдық арыз жазған.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА