Атырау, 28 қараша 20:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жамбылдағы сарбаз өлімі: сотталушы кінәлі ме?

1 551 просмотра

Алматы гарнизонының әскери сотында 22 сәуірде Жамбыл облысы Гвардейский кентіндегі ауруханада қайтыс болған 18 жастағы мерзімді әскери қызметші Әлібек ҚАЛБАЙДЫҢ өліміне қатысты іс қайта қаралып жатыр.

Еске салсақ, 6 қазанда судья Қанат ЕСТАЙ процеске қатысушы екі тараптың өтініші бойынша әскери прокуратураға істі қосымша тергеуге қайтарған болатын. 

Айыптау орындығында Атыраудан шақырылған 18 жастағы қатардағы жауынгер Айболат АМАНЖОЛОВ отыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабының 4-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынасының жарғылық ережелерін бұзуы») бойынша айыпталып, сегіз айдан астам уақыттан бері Алматы қаласының тергеу изоляторында отыр. Айболаттың анасы Айнұр ТӨЛЕМІСОВАНЫҢ айтуынша, сотқа жіберілген қосымша тергелген істің бұрынғысынан еш айырмашылығы жоқ: сол айыптау және сол дәлелдемелік база. Ал судья өзгерген – енді ол Зарина РАХМЕТОВА.

Айболат Айнұрдың тұңғышы, одан басқа отбасында тағы алты бала бар.

Бұрынғы сот отырысында оны ақылы адвокат қорғағанымен, қазір анасының айтуынша, ақшасы таусылып, әзірге олар мемлекет ұсынған адвокатқа келісуге мәжбүр. Олар ақылы адвокатты қайта жалдау үшін Атыраудағы үйлерін сатады. 

Алдыңғы сот отырысында Аманжоловтың қорғаушысы бүкіл айыптың жалғыз куә, Петропавлдан шақырылған қатардағы жауынгер Курочкиннің айғақтарына негізделгенін растады; Курочкин Аманжолов пен Қалбайдың төбелескенін көріпті-мыс, ал қалған сарбаздардың бәрі әскери тергеушінің қысымына қарамастан төбелес болғанын растамады. Бұдан басқа, А.Төлемісованың айтуынша, Курочкин үнемі шатасып жауап берген: біресе жігіттердің қалай төбелескенін көрдім, біресе көрмедім деген. 

Айболат өзін кінәлімін деп мойындамайды. Анасы оны негізсіз бас бостандығынан айыруы, ал нағыз кінәлілер жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқады. 

Еске салсақ, осы жылдың 22 сәуірінде Ақтаудан әскерге шақырылған 18 жастағы Әлібек Қалбай жеке құрам сапқа тұрған кезде есінен танып қалып, көп ұзамай әскери госпитальда көз жұмды. Алғашында сот-медициналық сарапшы мәйіттен жарақаттар таппағанымен, 3 мамырда Айболат Аманжолов куәгердің айғақтары мен зорлық-зомбылықпен өлу белгілерін анықтаған қайталама сараптама қорытындысы бойынша ұсталған болатын. 

Айнұр САПАРОВА

23 желтоқсан 2022, 23:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.