Бүгін, 23 желтоқсанда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіруге оқталу ісі бойынша үкім шықты.
...Бұл 9 наурызда болды. Сот анықтағандай, М., бұрын өзімен бірге тұрған К.-ның үйінің ауласына кіріп келе жатып, оның белгісіз ер адамдармен тұрғанын көрген. Қызғаныштан көзі толған ол әйелге шабуыл жасап, бей-берекет пышақ сала бастаған. Ер адамдардың бірі қаскүнемді тоқтатуға тырыспақ болады. Екіншісі оның бетіне бұрыш баллонын шашқан. Осылайша олар кісі өлтірудің алдын алды.
Жәбірленуші көптеген пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі («Кісі өлтіруге оқталу») бойынша қаралды. Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен және бейнежазбалармен толық дәлелденді.
Сот 8 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.
Айнұр САПАРОВА