Атырау, 28 қараша 20:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Тұтынушылардың құқықтарын қорғаушылар «келісім презумпциясымен» бәрібір келіспейді

1 129 просмотра

«Келісім презумпциясы»: 1 қаңтардан бастап «Қазақтелеком» тарифтерді көтереді» атты жарияланымынан кейін «Қазақтелеком» АҚ тұтынушыларды қорғаушыларға іс жүзінде бұған дейін ешкім назар аудармаған келісімді көрсетіп, абоненттердің келісімінсіз тарифтік жоспарды өзгертуге құқығы бар екенін тағы да дәлелдеуге тырысты.

Ұлттық оператордың жағдайы мен уәжі Атырау тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен осыған ұқсас іс бойынша – өз қызметтерінің тарифін көтеру бойынша соттасып жатқан «Kcell» АҚ әрекетін еске түсіреді.

«Қазақтелеком» АҚ байланыс операторының біржақты тәртіпте тарифтерді өзгертуге құқығы бар екені туралы жария келісімге сілтеп отырғаны белгілі. Ал Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің заңгерлері жауап ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы бұйрығын ұсынып отыр. Онда байланыс операторы, Интернетке қолжетімділік қызметтері тарифінің шартын тек абоненттің келісімімен өзгертеді деп көрсетілген. Біз бұл туралы бұрын жазғанбыз. «Қазақтелеком» АҚ пікірінше, тарифті өзгертуден бас тарту туралы өтініш жоқ болса, демек «абоненттің келісімі» деген ұғымды білдіреді.

Департамент заңгерлері мен үйдегі желіні пайдаланушылар үнсіздіктің қашаннан бері «келісім» деп есептелетініне таң қалады...

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өздері жұмыс істейтін «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңын ұсынады, оған сәйкес: сатушы (орындаушы, өндіруші) тұтынушымен жасалған шартқа тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) шек қойылатын шарттарды қоспауы керек.

Абоненттерді қорғауға бастамашы болған «Қара Шаңырақ Қазақстан» қоғамдық бірлестігі басшылығының пікірінше, «Қазақтелекомның» өз шешіміне үнсіз бағыну талабы заңға қайшы және тұтынушылардың құқығын бұзып отыр.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

20 желтоқсан 2022, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.