«Fun and Sun travel» туристік фирмасынан зардап шеккен атыраулықтардың қалалық полиция басқармасына арызданғанына үш айға жуықтады. Ақшаны әлі қайтармаған, туристік фирманың иесі Марта НАМНАН әлі хабар жоқ.
«АЖ» Атырау облысының полиция департаментіне сауал жолдап, мынадай жауап алды:
«2022 жылдың 26 тамызында Атырау қаласының тұрғындары қалалық полиция басқармасына «INFINITY TRAVEL M» ЖШС тарапынан алаяқтық әрекеттер дерегі бойынша ұжымдық арызбен жүгінген. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағы («Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жан-жақты объективті тергеу амалдары жүргізілуде, жоғарыда аталған туристік фирманың барлық қызметкері мен басшыларынан жауап алынды. Тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Басқа ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды».
Елена СҮНДЕТОВА