Атырау, 12 қазан 18:12
 дождьВ Атырау +24.8
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Қиғаш тереңдей түсу үшін

1 725 рет қаралды

Қиғаш өзенінің суын арттыру бойынша түптереңдету жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

- Қазір «Павлодар өзен порты» АҚ 99,6 шақырым каналдардың түбін тереңдету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қалған 143 шақырым бойынша жобалық-сметалық құжат жасақталып жатыр, - деді аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ренат НҰҒМАНОВ. 

Оның айтуынша, бүгінде тереңдету бойынша Панкрашин-1 каналының 508 метрі, Панкрашин-2 каналының 1,6 шақырымы, Ленивый-1  каналының 2,4 шақырымы тереңдетілді. 10 экскаватор мен 33 қызметкер жұмыс істеуде. Жұмыстар 2024 жылы толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

7 қараша 2022, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.