Атырау, 29 қараша 04:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жанашыр Найдаға кім көмектеседі?

1 238 просмотра

Найда - «Сұңқар» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы құрылыс алаңын күзетіп жүрген және балаларды қатты жақсы көретін ит.

Оның түнімен абалап үргені әуежайға дейін естіледі. Ол қоқыс орнына басқа иттерді жолатпайтын да шығар. Өйткені оның ұялас оншақты күшігі бар, олардың бәріне азық тауып беру керек.

Құрылыс алаңындағы өзбектер оған тамақ қалдықтарын береді, жағдайы жаман емес. Тек жазда аяғын сындырып алды. Найда сынған аяғын кеудесіне қысып алып, ақсай басатын болды. Тұрғындар оны жанашыр Найда деп атай бастады, өйткені ол өзгелерге үрген кезде аяғын жүрек тұсына қысып басатын.

Жақында басқа маңның иттері оны одан сайын жаралады. «Сұңқар» тұрғындары Найдаға ота жасау үшін ветеринарға жүгінген еді. Бірақ ол «Сұңқарға» үш рет келсе де Найданы таппады.

Бүгін таңертең Найда күшіктерін серуенге шығарды. Оған қарау қорқынышты. Аяғы терісіне ілініп жүр. Оған көмек керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қараша 2022, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.