Атырау, 29 қараша 04:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жанбай мен Нарын тұрғындарының мәселесі жедел әрі уақытылы шешілетін болады

1 021 просмотра

Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВПЕН кездесу кезінде Исатай ауданындағы Жанбай және Нарын елдімекендерінің тұрғындары «Атырау-Астрахань» тасжолының құрылысын аяқтау мерзімі, медицина қызметкерлерінің тапшылығы, ауылдарда шаруашылық учаскелерін жазғы суару жүйесінің жоқтығы, электр желісінің тозығы жеткені секілді мәселелерді көтерді.

– 4 қарашада аймақ басшысы Исатай ауданында болып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыс әкімінің Жанбай және Нарын ауылдарының тұрғындарымен кездесуі әлеуметтік желілерде тікелей көрсетіліп, тұрғындар өз сауалдарын қоя алды, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Проблемалы мәселелердің қатарында кейбір елдімекендегі құм көшкіні және мәдениет үйі мен балабақша салуда бар.

Осы сұрақтарға кездесуге қатысқан Исатай ауданының әкімі Полымбет ХАСАНОВ пен облыстық әкімдіңтің басқарма басшылары жауап берді.

Серік Шәпкеновтің айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – билік пен халықтың арасындағы тікелей байланысты күшейтіп, азаматтар үшін мемлекеттік қызметкерлердің ашықтығын қамтамасыз ету.

Осындай кездесулер көтерілген мәселелерге нақты жауап беру мақсатында өткізіледі. Есесіне берілген жауаптар уәде күйінде қалмай, мәселені шешудің нақты мерзімін айтуға бағытталуы тиіс. Мәселен, Жанбай ауылындағы жол құрылысының сапасы туралы сауалға жауап берген облыс әкімі мердігер асфальттың үш қабатын салудың орнына, екі қабатын ғана төсегенін айтты.

– Бұл компанияда облысымыздың басқа аудандарында да құрылыс сапасына қатысты проблемалар болды – жобаны бастап, аяқтамайды. Сондықтан Атырауға оралған соң осы мәселе бойынша бөлек жиын өткіземіз. Жұмыс істей алмасаңдар, халықтың сеніміне қиянат жасамаңдар деп талай рет айттым, – деді Серік Шәпкенов.

Ол алдағы уақытта көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жоспары жасалып, соған сәйкес алдағы уақытта жұмыстар жүргізілетінін баса айтты.

Дайындаған Әсет НҰРТАЙ

Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынған сурет

5 қараша 2022, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.