Атырау, 20 мамыр 12:20
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Үш ауысым» болмайды: Атырауда 600 орындық мектептің құрылысы аяқталды

Сурет
1 166 просмотра

Балауса мөлтек ауданында «БатысАльянсСтрой» ЖШС 2019 жылы үш қабатты мектептің құрылысын бастаған болатын. Ғимараттың жалпы ауданы - 8478 шаршы метр.

- Қазіргі уақытта нысанды теңгерім ұстаушыға беру үшін құжаттары жасақталып жатыр. Мектептегі оқу кабинеттері интерактивті тақтайшалармен, лаборатория кабинеттерімен жабдықталған. Асхана, спорт алаңы, жүгіру жолы, теннис, футбол, баскетбол алаңдары, балалар ойнайтын лабиринтпен қамтылған, - деді облыстық құрылыс басқармасының бастығы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ.

 

Қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза ШАНГЕРЕЕВАНЫҢ айтуынша, жаңа мектептің ашылуы үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге оң ықпал етеді:

- Ашылғалы отырған №43 орта мектепке баратын оқушылардың көпшілігі бұған дейін үш ауысымда оқыту қауіпінде тұрған М.Өтемісов атындағы орта мектепте оқып келді. Жаңа мектептің пайдалануға берілуі осы мәселені шешеді.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті ӨКҚ жолдады

5 қараша 2022, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.