Атырау, 29 қараша 04:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Әкім дзюдошыны әлем чемпионатындағы Қазақстанның тұңғыш "қоласымен" құттықтады

Сурет
2 081 просмотра

Серік Шәпкенов дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Әбиба ӘБУЖАҚЫНОВАНЫ қабылдап, Ташкент қаласында дзюдодан өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында және «Grand Slam» турнирінде қола жүлдегер атанған жерлесімізді жеңісімен құттықтады. Кездесуде Әбибаның жаттықтырушылары да болды.

- Қыз баланың дзюдо сынды қиын спортта жеңіске жетіп, әлем чемпионатында топ жарғаны баршаның мерейін өсірді. Бәріміз бірге қуандық. Жарайсың, Әбиба! Сенің алар асуларың әлі де алда екеніне мен сенемін. Жаттықтырушың да сенің ертеңіңе зор сеніммен қарап, саған үміт артты, - деді Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар Токиода өтетін «Grand Slam» турниріне және Израильде өтетін «Топ-32» дзюдо спорты шеберлерінің турниріне қатысу үшін тиісті қолдау  көрсетілетінін айтты. Әбиба Әбужақынова Ташкентте өткен әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Ол – дзюдо күресінен ҚР спорт шебері, ҚР Ұлттық құрамасының  мүшесі. 2019 жылдан бастап Атырау облысының намысын қорғап келеді.

ҚР чемпионатының жеңімпазы, Еуропа Кубогінің күміс жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия Кубогінің жеңімпазы. Енді Қазақстан тарихында әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері атанды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

4 қараша 2022, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.