Атырау, 24 қараша 06:13
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина мен Ресей тұтқын алмасты: 214 адам үйіне оралды

1 146 просмотра

Украина мен Ресей тағы тұтқын алмасты: украин жағына – 107, дәл сонша әскери қызметкер Ресей жағына оралды деп хабарлады Украина пезиденті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак. Украинамен тұтқын алмасқанын Ресей қорғаныс министрлігі де растады, деп хабарлайды Азаттық радиосы

Украина жағына оралған 107 адамның 101-і – қатардағы жауынгер немесе сержант, алтауы – офицер. 74-і Мариупольдағы "Азовсталь" зауытын қорғаған.

"Біз соғыста жараланған көп адамды қайтара алдық. Атап айтқанда, Мариупольде ауыр жараланған "Азовстальдағы" жігіттерімізді қайтардық. Аяқ-қолынан айырылған, денесі күйген, жарасына инфекция түскен адамдар бар. Еленовка колониясындағы жарылыста жараланған жауынгер бар" деді Ермак.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі тұтқында болған азаматтары жөнінде ешқандай ақпарат жарияламады.

"Босатылғандар Ресей әуе ғарыш күштеріне қарасты әскери көлік авиация ұшақтарымен Мәскеуге емдеуге жеткізіледі. Барлығына медициналық, психологиялық көмек көрсетіледі" деп хабарлады ведомство.

26 қазанда Украина мен Ресей тұтқын алмасып, әрқайсысы он жауынгерді қайтарған. Бұған қоса Ресей Украина жағында соғысып, 23 тамызда қаза тапқан АҚШ армиясының ардагері, америкалық ерікті Джошуа Алан Джонстың сүйегін берген.

Қазанның ортасында Украина Ресей жағында тұтқында болған 108 әйел жауынгерін қайтарып алған. Арасында "Азовстальдан" эвакуацияланған 37 әйел бар. Қайтарылғандардың 11-і – офицер, 85-і – қатардағы жауынгер мен сержант.

21 қыркүйекте Украинаға 215 әскери тұқын қайтарылған, арасында 124 офицер бар. 108-і – "Азов" жауынгерлері. Бұған қоса, шекара қызметі, полиция, құрлық әскері сарбаздары бар.

21 қыркүйекте жарияланған келісім аясында тұтқын алмасқанда Киев Ресей жағына украиналық саясаткер, соғыс басталғаннан кейін тыйым салынған ресейшіл "Оппозиционная платформа — За жизнь" партиясының жетекшісі, Владимир Путиннің құдасы Виктор Медведчукті қайтарған.

4 қараша 2022, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.