Атырау, 29 қараша 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бақылау камерасы неғұрлым көп болса, қала үшін соғұрлым жақсы

891 просмотра

Соңғы аптада Атырау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының «102» операторына 1270 қоңырау шалынған. Оның ішінде 127-сі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

- Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 18 қылмыс ашылды. Оның ішінде 17 ұрлық және 1 ұсақ-түйек жымқыру әрекеті анықталды. Сондай-ақ, «Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша 375 жайт анықталды (түсінікті болу үшін - егер көшеде темекі тұқылын жәшікке тастамасаңыз, тез жетіп келеді - Л.Қ.). Сонымен қатар жол ережесін бұзған 285 жағдай анықталды, - деп хабарлады Жедел басқару орталығының бастығы Асқар АТАМҚҰЛОВ.

«Interceptor» жүйесінің көмегімен бір апта ішінде айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 62 жүргізушінің көлігі арнаулы тұраққа қойылып, 18 автокөлік жүргізушісінен айыппұл өндірілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 қараша 2022, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.