Атырау, 29 қараша 04:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Облыстық сот ғимаратының алдындағы митингіден кейін тергелуші тергеу абақтысына қайтарылды

1 565 просмотра

Сот «Жібек жолы» және «Ақмаржан» тұрғын үй-құрылыс кооперативі басшыларының бірін тергеу изоляторынан үйқамаққа шығарды. Бұл үлестік қатысуға ақша салып, алданып қалғандардың ашуын келтіргені соншалық, олар облыстық сот ғимаратының алдындағы наразылық митингісін өткізді. Содан кейін тергелуші қайтадан тергеу изоляторына қамалды.

Митингке жиналғандар кооператив құрылтайшылары салымшыларды жалпы сомасы 3 миллиардқа жуық теңгеге алдап кеткенін, бұл үшін түрмеде жазасын алу керегін айтады.

Бұған дейін адвокаттар тергеудің жеті айға созылып кеткенін, қорғауындағы азаматтың тұрақты тұрғылықты жері, отбасы бар екенін алға тартып, тергелушіні қамауға алу туралы қаулының күшін жоюды сұраған болатын. Олар зардап шеккендерге келтірген зиянды өтеуге және аяқталмаған нысан құрылысын жалғастыруға мүмкіндік беруді сұрады. Сот келісім берді: «Алқа процеске қатысушылардың уәжін, тергеу әрекеттерінің негізсіз созылуын ескере отырып, ҚПК нормаларын басшылыққа ала отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қорытындыға келді», - деп хабарлады облыстық сот.

Бірақ облыстық сот ғимаратының алдындағы митингіден кейін жағдай өзгерді. Тергеуші тергелушіні тергеу изоляторына қамау туралы қайтадан өтініш беріп, сот оны қанағаттандырды. Адвокаттар бұл қаулыға апелляциялық шағым түсіріп, ол облыстық сотта қаралады.

Фархат АБИЛОВ

Суреттерді түсірген автор

2 қараша 2022, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.