Атырау, 29 қараша 05:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бұралқы иттер ме, әлде бала-шағамыздың, малымыздың амандығы қымбат па?

Бейнежазба
1 494 просмотра

Қызылқоға ауданында бұралқы иттердің көбейіп кеткендігі жөнінде жақында жазған едік. Содан бері жағдай тіпті нашарлап кетті.

Бұған дәлел әлеуметтік желідегі жазба: «29 қазан Сағыз ауылынан маза қашты, бұралқы иттер малға шабуыл жасауда. Тамағын орып, шек-қарнын ақтарып кеткен. Дастан деген баламыздың қойының құйрығын, аяғын жұлып кеткен, бірін талап өлтіріп кеткен. Енді кімнің ауласына түсетіні белгісіз. Жергілікті халық жекеменшік малдармен күн көріп отыр, жұмыс жоқ, зейнетақы жетіспейді. Жеті қазынаның бірі саналғанымен неге иттердің көзін жоймайды? Адам жанынан иттердің жаны қымбат болғаны ма? Ауылда ит 10-15-тен шұбырып жүреді. Енді адам өміріне қауіп төндіріп тұр. Мектепте оқитын балаларымыз үйге келгенше алаңдап отырғанымыз. Қашанға дейін осылай жалғасады?» .

«АЖ» Қызылқоға ауданы әкімшілігіне хабарласып, мынадай жауап алды: «Қаңғыбас иттер еліміздегі тұрғындарды алаңдатып отыр мәселе екені мәлім. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» Заңына сәйкес, биылғы жылдың 2 наурызынан бастап иттерді атып жою жұмыстары тоқтатылды. Қазіргі таңда иесіз ит, мысықтарды аулап ұстап, арнайы орындарға қамау міндетті. Аталған заң талаптары сақталмай атылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Келесі жылы бюджеттен қаржы қарастырылып, заңда көрсетілген талап бойынша барлық округте тиісті жұмыстар ұйымдастыру жоспарлануда.

Қызылқоға аудандық ветстанция бастығы Жәнібек КЕНЖИННІҢ айтуынша, жыл басынан бері ауданда ит қауып өлтірген мал тіркелмепті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба 

1 қараша 2022, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.