Атырау, 20 мамыр 01:14
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресейде соғысқа барудан бас тартқандарға алғашқы қылмыстық іс қозғалды

1 064 просмотра

27 қазан Ресей аймақтарының бірінде әскери-тергеу бөлімі соғысқа барудан бас тартқан әскери қызметкерге қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Азаттық радиосы. Бұл мобилизация басталғалы бері қозғалған алғашқы қылмыстық іс. Бұл жөнінде "Агора" құқық қорғау тобының жетекшісі Павел Чиков хабарлады.

Тергеу мәліметінше, әскери қызметкер өзін Украинаға іс-сапарға жіберген бастықтың бұйрығын орындаудан бас тартқан, сәйкесінше соғысудан бас тартты деп танылған.

Соғыс басталған кезде жалдамалы қызметкерлер соғысқа қатыспау құқығын пайдаланып, одан бас тарта алған. Елде мобилизация жарияланғалы бері мемлекеттік дума "бұйрықты орындамау" қылмыстық бабын енгізген. Ол бойынша айыпталғандар үш жылға дейін түрмеге кесілуі мүмкін.

  • 21 қыркүйекте Владимир Путин Украинадағы соғысты жалғастыру үшін "ішінара мобилизация" жариялаған. Қорғаныс министрі Сергей Шойгу "ішінара мобилизация барысында 300 мың резервист шақырылатынын" мәлімдеген. Бірқатар дереккөз билік миллионға жуық адамды соғысқа жіберуді көздеп отырғанын хабарлаған.
  • Ресей Украинаға 24 ақпанда басып кірген. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, содан бері Украинада 5937 орыс солдаты қаза болған. Бұл батыс барлаушылары және "Медиазона" мен ВВС-дің Орыс қызметі анықтаған көрсеткіштен төмен. Бұған дейін аталған екі редакция тілшілері Украинадағы соғыста 7822 орыс жауынгерінің опат болғанын анықтаған.
27 қазан 2022, 22:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.